Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде ЖОО әскери қызметшілерінің балаларын құттықтады.
Балалар аниматорлар шоуына және спорттық жарыстарға ерекше ықыласпен қатысты, сондай-ақ өлеңдер оқып, ән айтып, би биледі. Балалар зор сергектік пен жағымды эмоциялар алды.
– Бүгін Халықаралық балаларды қорғау күні атап өтілуде. Бұл жарқын, шуақты мерекемен барлық балалар бақытты болып, өз табыстары және жетістіктерімен бізді қуанту үшін бала құқығын қорғау қажеттілігі туралы қоғамға еске салу, – деп атап өтті мәдени-демалыс орталығының бастығы майор Айнұр Дүйкенова.