2021 жылғы 9 мамырда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің басшылығымен Жерұйық саябағындағы Ұлы Отан соғысы батырларының ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Гүл шоқтарын қою рәсімі Кеңес Одағының Батыры, генерал-майор Иван Васильевич Панфиловтың ескерткіші алдында өтті. Оларды еске алу үшін Ұлттық қорғаныс университетінің басшылығы мен профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты, сондай-ақ неміс-фашистік басқыншыларды жеңгені үшін өз өмірлерін құрбан еткендерді бір минут үнсіздікпен еске алды.