logo
logo

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті
Елбасы Н. Ә. Назарбаев

Қазақстан Республикасының Президенті -
Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қ. К. Тоқаев

logo

Ауған ардагерлеріне құрмет көрсетілді


Ауған ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Ұлттық қорғаныс университетінде Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуына 33 жыл толуына арналған интернационалист жауынгерлерді құрметтеу жөнінде салтанатты іс-шара өтті.

Ауған соғысына 22 мыңға жуық қазақстандық қатысты, олардың 900-ден астамы қаза тапты, 21-і хабар-ошарсыз кетті. 

Онда 4377 қазақстандық жауынгер ордендермен және медальдармен марапатталды, алтауы Кеңес Одағының Батыры, біреуі – Халық қаһарманы атағына ие болды.

Ауғанстандағы әскери іс-қимылдарға қатысқан жауынгер-интернационалистердің әрқайсысының ерлігі болашақ ұрпақ үшін жоғары батырлықтың, ерліктің және әскери борышын адал орындаудың үлгісі.

– Қазіргі уақытта елімізде 15 000-нан астам интернационалист-жауынгер тұрады, олар елдің қоғамдық өміріне белсене атсалысып, жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу жұмысын жүргізуде, – деп атап өтті Университет бастығының орынбасары полковник Амангелді Тоғысов.

Салтанатты шара жауынгер-интернационалистерді грамоталармен марапаттаумен және концерттік бағдарламамен жалғасты.