logo
logo

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті
Елбасы Н. Ә. Назарбаев

Қазақстан Республикасының Президенті -
Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қ. К. Тоқаев

logo

Атудан дәстүрлі турнир


Атудан дәстүрлі турнир

2021 жылғы 03 наурызда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнін мерекелеуге арналған пневматикалық винтовкадан ату жарысы өтті.

Ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті бастығының орынбасары(тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі) – басқарма бастығы полковник Қ.Мұғалов және дене дайындығы және спорт кафедрасының бастығы полковник Р. Мейірманов қатысты.

Атыс шебіне университеттің 10 командасынан 20 әйел шықты. Олар 10 метр қашықтықтан он минут ішінде нысанаға тиді. Қыздар үш атуды дайындыққа  және он патронды сынақ атысқа жұмсады.

Жыл сайын 8 наурыз қарсаңында әйелдер мылтық атудан жарысады. Қыздар осы спорт түріне спорттық қызығушылық танытады. Олар жарыстың жеңімпазы және жүлдегері кім болатыны қызықты, – деді дене шынықтыру және спорт бастығы подполковник Құрмет Нұрғазин.

Жарыс қорытындысы бойынша жеке есепте жеңімпаз және жүлдегер атанғандар:

  • 1 орын – подполковник Анар Шумушпаева.

  • 2 орын – аға сержант Айсұлу Оспанова.

  • 3 орын – кіші сержант Арайлым Көшербай.

Командалық есепте орындар келесі ретпен бөлінді:

  • 1 орын – Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы әскери факультеті, 64 ұпаймен.

  • 2 орын – арнайы дайындық факультеті, 54 ұпаймен.

  • 3 орын – тылдық және техникалық қамтамасыз ету факультеті, 48 ұпаймен.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз.

Бұл жарыс санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтай отырып өткізілді.