Ағымдағы жылғы 11 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласының «Астана» саябағының шаңғы жолағындағы базасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің Кеңес әскерлерін Ауғаныстаннан шығарудың 31 жылдығын мерекелеу құрметіне шаңғы эстафетасы бойынша жарыс өткізілді.
Жарысқа Университеттің құрылымдық бөлімшелерінен 7 команда қатысты.
Жарыстың қорытындысы бойынша
І орынды – Цифрлы технологиялар және ақпараттық жүйелер қауіпсіздігі факультеті иеленді;
ІІ орынды – Ұлттық ұлан факультеті иеленді;
ІІІ орынды – командалық-штабтық факультеті иеленді.
Сондай-ақ «Жеңіске ерік үшін» номинациясы бойынша: полковник Ж.К. Камзина, майор Г.С. Онбаева, ҚР ҚК қызметкері С.Т. Есенеева марапатталды.
Чемпиондар мен жүлдегерлер грамоталармен, медальдармен және ауыспалы кубокпен марапатталды.