logo
logo

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті
Елбасы Н. Ә. Назарбаев

Қазақстан Республикасының Президенті -
Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қ. К. Тоқаев

logo

«Алтын белгі»иегерлерін марапаттау


«Алтын белгі»иегерлерін марапаттау

Ағымдағы жылдың 10 маусымында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде Орта мектепті «Алтын белгі» белгісімен бітірген университет әскери қызметшілерінің балаларына – Аяулым Исабековаға және Дана Акинурға салтанатты түрде құрмет көрсетілді.
Аяулымның әкесі полковник Алмас Исабеков университеттің магистранты, ал анасы – Жеңісгүл Жазықбекова шет тілінің оқытушысы.
Аяулым Нұр-сұлтан қ. № 85 мектеп-гимназиясын табысты аяқтады. Ол математикалық олимпиадалардың бірнеше дүркін жүлдегері, ал 2019 жылы Санкт-Петербург қаласында өткен халықаралық домбырашылар байқауында бірінші орынға ие болды.
Дана Нұр-сұлтан № 84 мектеп-лицейін өте жақсы аяқтап, «Пифогор» қалалық математикалық байқауларда бірінші орын алды, математикалық олимпиадалардың бірнеше дүркін жүлдегері.
«Бүгін біз алдыңғы қатарлы жастарды және болашақты – оқу озаттарын, «Алтын белгі» белгісіне ие болғандарды мақтан тұтамыз.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы генерал-лейтенант С. Камалетдинов өз құттықтауында «Алтын белгіге» ие болдыңыз.
«Қымбатты балалар! Алда жаңа, ересек өмір жолы күтіп тұр. Әрбір жаңа жол Сіздер үшін табысты болсын. Біз сіздерге өмірде өз орыныңызды және сүйікті ісіңізді табуды тілейміз. Өзіне және өмірлік бағдарыңызға адал болыңыздар»,-деді университет бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов.
Балаларға грамоталар мен сыйлықтар, ал Аяулым мен Дананың ата-аналарына балаларды тәрбиелегендері үшін алғыс хаттар табыс етілді.